Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта ұрланған телефоннан ақша аударып алған ұры анықталды

Балқашта ұрланған телефоннан ақша аударып алған ұры анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қарашада Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәберленушінің айтуынша, дәмханалардың бірінде біраз уақыт мүлкін қараусыз қалдырған. Бұл жағдайды белгісіз біреу пайдаланып, жәбірленушінің ұялы телефоны мен сымсыз құлаққапты ұрлап кеткен. Содан кейін күдікті ұрланған ұялы телефоннан жәбірленушінің есепшотынан 103 мың теңге шешіп алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру