Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Балқашта заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында табиғатты қорғау мақсатында жүргізіліп жатқан "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Балқаш көлінде заңсыз балық аулаған азамат қолға түсті.

Табиғатты қорғау полициясы мен балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мұз астынан балық аулап отырған 40 жастағы ер адамды дәл әрекет үстінде ұстаған. Тексеріс барысында оның ешқандай рұқсат құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, ол заңсыз балық аулауға тыйым салынған ау қолданған.

Полицейлер ер адамнан жалпы салмағы 59 келі көксерке балығын тәркіледі. Мамандардың есебіне сүйенсек, браконьердің бұл әрекетінен табиғатқа келтірілген шығын көлемі шамамен 500 мың теңгені құрайды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру