Балқашта зейнеткердің жинақ ақшасын жымқырған ұры ұсталды
Балқашта зейнеткердің жинақ ақшасын жымқырған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 72 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Зейнеткер күртесінің қалтасында тұрған 60 мың теңгені біреу ұрлап кеткен деп түсіндірді. Жәбірленуші зейнеткер ұрлық тікелей ол пәтерде болғанда немесе ол көшеде болған кезде болғанын тап басып айта алмады.
Полиция оның көршісі 41 жастағы әйелдің бірнеше күн бұрын қонаққа келгенін анықтады. Ол зейнеткердің денсаулығын сұрап, қарызға ақша сұраған.
Жәбірленуші көршісіне аз мөлшерде ақша беріп, көмек көрсеткен. Бірнеше күннен кейін зейнеткер өзінің жинаған барлық ақшасы жоғалып кеткенін анықтады.
Полиция күдіктіні ұстап, ол өз кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі