Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта жұмысшы монша иесінен ақша ұрлап кеткен

Балқашта жұмысшы монша иесінен ақша ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазан күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы моншалардың бірінің иесінен ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен ұрлық монша әкімшілігінің қызметтік бөлмесінің есігін сындыру арқылы болғаны анықталды. Белгісіз біреу ол жерден 50 мың теңге ақша алып кеткен.

Қаскөй ақшаның қайда тұрғанын және ол жердегі адамдардың қай уақытта болмайтынын білгені полиция қызметкерлеріне белгілі болды. Сондықтан да тәртіп сақшылары жаудың іштен келгеніне күдіктенді. Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлеріне сол жерде жұмысшы болып істейтін 26 жастағы азамат күдік тудырды. Одан жауап алу барысында ол қызметтік бөлмеде тұрған ақшаны білгенін және басшысының қай уақытта шыққанын қарап отырып, ақшаны алып кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру