Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балықты заңсыз тасымалдаған павлодарлық ұсталды

Павлодар қаласының тұрғыны 20 килограмм балықты заңсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Тереңкөл ауданы Луговое ауылының маңындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолында 35 жастағы павлодарлықтың автокөлігі тоқтатылды.

– Тексеру барысында жүк бөлімінен 20 кг-ға жуық балық түрлері табылды. Ер адам балық түрлерін тиісті құжаттарсыз заңсыз тасымалдағаны анықталды. Балық әуесқойына қатысты ҚР ӘҚБтК 389-бабы 1-бөлігі (Өзiнше билiк ету) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-не жіберілді, – деді Павлодар облысы Тереңкөл ауданы ПБ-нің бастығы Арман Кәрімов.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында өңірде су айдындарында балық аулау және балық пен басқа да су биологиялық ресурстарын заңсыз аулау ережелерін бұзудың жолын кесуге, сондай-ақ облыстың су айдындарында көктемгі уылдырық шашуға тыйым салудың белгіленуіне байланысты, «Уылдырық шашу» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

А. Кәрімов іс-шараны өткізу барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тексеру жүргізгенін атап өтті. Су айдындары, Ертіс өзенінің жайылма қойнауы тексерілуде, сондай-ақ балық өнімдерін сату фактілерін анықтау мақсатында сауда объектілері де тексерумен қамтылды. Бұдан басқа, балық өнімдерін заңсыз тасымалдау фактілерін болдырмау үшін, көлік құралдары тұрақты негізде тексеріледі.

«Уылдырық шашу» жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері Тереңкөл ауданының тәртіп сақшылары балық аулау ережелерін бұзған азаматтарға қатысты төрт әкімшілік іс қозғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру