Банк шотынан ақша жымқырған күдікті ұсталды
Полиция қызметкерлері банк шотынан ақша жымқырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 маусымда Қарасай аудандық полиция бөліміне Іргелі кентінің 46 жастағы тұрғыны 16 маусым оның банк шотынан 126 000 теңге ақша қаражатының ұрлағаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.
Іске кіріскен тәртіп сақшылары белгісіз тұлғаның ақша жымқыруы жәбірленушінің телефоны мен кодының көмегі арқылы жүргізілгенін банк арқылы жедел анықтады.
– Көп ұзамай жәбірленушінің танысы мен көршісі болған 25 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ұсынылған дәлелдемелерден кейін ұсталған азамат ұрлық жасағанын толық мойындады. Бұған дейін ол зардап шегушінің тұрғын үйді жалға алу ақысын аударғанына куә болғанын айтты. Телефонға енгізілген кодты көріп, оны есіне сақтап алған. Кейінірек, дәретханадан телефонды тауып алып, ұрлық жасауға бел байлаған. Белгілі кодтың көмегімен автокөлікті бөліп төлеуге сатып алған адамға жәбірленушінің банк шотынан ақша аударымын жасаған. Осылайша, ол қалған қарызын өтеген, – деп хабарлайды Қарасай АПБ анықтаушысы Әділұлы Ғалымжан.
Ақша аударымын жасағаннан кейін, күдікті телефонды ақша жоғалтқанын бірден байқамаған көршісіне білдіртпестен қайта қойған. Жәбірленуші телефонын жоғалтпағанын, оны ұрлап кеткенін мәлімдеді.
– Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Осы жағдайды пайдалана отырып, азаматтардан абай болуларыңызды және ешкімге өз банк шоттарыңыздың кодтары мен парольдерін айтпауларыңызды сұраймын. Бұл ереже сіздердің ақшаларыңызды сақтауға көмектеседі, – деп толықтырды Әділұлы Ғалымжан.