Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Банктің игілігіне өтіп кеткен үйді алып беремін»: шымкенттікті ақшасыз қалдырған алаяқ анықталды

Шымкенттікті ақшасыз қалдырған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 15 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам сеніміне кіріп, банктің иелігіне өтіп кеткен үйді арзан бағаға алып беремін деп 1 750 000 теңге ақшасын алдап алғанын көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру