Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бақытты отбасы – бақытты ел”: Қызылорда облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында акция өтуде

Қызылорда облысының полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын үйлестіретін 8 отбасын қолдау орталығымен ынтымақтастық орнатқан, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес республика аумағында “Бақытты отбасы – бақытты ел” атты ауқымды акциясы өтті. Аталмыш акцияның мақсаты - қоғамның назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына аудару, сыйластық қағидаттарын насихаттау, отбасында бір-біріне жәрдемдесу кағидасын және ішкі істер органдарына қоғамдық сенімді нығайту. Акцияға полиция департаментімен бірлесіп, облыстық жастар орталығы, білім, жұмыспен қамту, спорт басқармалары қатысты.
Іс-шараға мемлекеттік орган өкілдері, жұртшылық және үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылды.

Ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынған 493 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Жалпы бөлімше мамандары жәбірленушілерді қорғап қана қоймай, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендірумен де айналысады.

Агрессорларға мәжбүрлеп психологиялық көмек көрсету жүйесі және әлеуетті құқық бұзушылармен жұмыс енгізілді. Отбасын қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жолға қойылды.

Бөлімше қызметкерлері мемлекеттік органдардың тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын үйлестіретін 8 отбасын қолдау орталықтарымен белсенді өзара ынтымақтастық орнатқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру