Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Барда кальян шеккен павлодарлықтар жауапқа тартылды

Барда кальян шеккен павлодарлықтар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, көбінесе, қаланың көңіл көтеру орындары тұрақты түрде рейдтік тексерулермен
қамтылған.

Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс режимін бұза отырып, келушілерге заңсыз кальян ұсынған бес мекемені анықтады.

Мысалы, Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежановтың ақпараты бойынша, академик Шөкин көшесіндегі барлардың бірінде қыздар кальян шеккендері үшін ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, полиция бұл құқық бұзушылық үшін олардың әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын еске салады.
Бұдан басқа, бар әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды, бұл 25-тен 60 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Полицейлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексіне сәйкес, 2020 жылдың шілдесінен бастап елімізде қоғамдық орындарда – кафелерде, мейрамханаларда, барларда, клубтарда және көшеде кальян шегуге толық тыйым салынғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру