Аккумулятор ұрлығына қатысы бар күдікті құрықталды
Елордалық полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Алматы ауданы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері 26 және 27 жастағы екі тұрғынды көліктерден аккумуляторлар ұрлағаны үшін күдікті ретінде ұстады.
Тергеу барысында жігіттер түнде тұрғын үйлердің аулаларын аралап, күзет дабылы жоқ көліктерді іздеп, көлікке кіру арқылы ұрлық жасағандығы анықталды.
Қазіргі уақытта полицейлер аккумуляторларды көлік иелеріне қайтарып берді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша құрықталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін азаматтардың елордада осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет сотталғандығы белгілі болды.
Көлік иелерінен мүлкіне ұқыпты қарауды және мүлік қауіпсіздігін сақтауды сұраймыз. Мұндай ұрлықтың алдын алу үшін, алдымен, көлікке дабыл орнату қажет. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Көліктерді қараусыз қалдырмаңыз. Көлікті бейне бақылауы бар тұраққа қойған дұрыс. Егер автокөлік ұрлығы орын алса, дереу полицияға хабарласыңыз.