Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батыл қостанайлық тұрғын мен полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Қостанайда полиция мен тұрғын көпірден секіргісі келген әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін сағат 14:10-да 102 пультіне көпірде секірейін деп тұрған әйел туралы хабарлама түсті. Бұл ақпаратты сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жеткізді. “Тезірек келіңіздер, мен оны құтқаруға тырысамын”, – деді ер адам.

Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Жалғас Шонов пен полиция капитаны Дулат Арманов тез арада жетті.

– Біз келген кезде ер адам әйелдің қолынан ұстап тұрды. Оны көпір үстіне шығаруға тырысып жатты, – деді Жалғас Шонов.

Полицейлер әйелді шығарып, оны полиция көлігіне отырғызуға көмектесті.

– Құтқарылған адамның жағдайы онша емес болды, тіпті аты мен тегін де атай алмады. Бізге оны шұғыл түрде полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келді, – деп жалғастырды Дулат Арманов.

Абыр-сабыр кезде оқиға орнында бірінші табылған жүргізуші полицейлердің әйелге алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне көз жеткізіп, кетіп қалған.

– Қиын жағдайдағы батыл әрекеті мен көмегін атап өту үшін біз ержүрек қостанайлықтан хабар күтеміз, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру