Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батыс Қазақстан облысында "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы аясында кезекті рейдтік тексерулер өткізілді

Батыс Қазақстан облысында "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы аясында кезекті рейдтік тексерулер өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өңірде кезекті рейдтік тексерулер ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмыстарымен күресті күшейту және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Рейд барысында тәртіп сақшылары "Қазпошта" бөлімшелерінде, автовокзалда және халықаралық әуежайда тексеру жұмыстарын жүргізіп, күдік тудырған жүктер мен сәлемдемелерге ерекше назар аударды. Тексерулерде арнайы үйретілген қызметтік иттер қолданылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері БҚО полиция департаментінің қызметкерлері 170 келіден астам есірткі затын тәркілеп, басқа өңірлерден жеткізілетін екі ірі есірткі тасымалы арнасының жолын кесті.

Мұндай жедел-профилактикалық шаралар өңірде есірткі қылмысының алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру