Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батысқазақстандық полицей жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша спартакиаданың жеңімпазы атанды

Батысқазақстандық полицей ару Құралай Қабырайқызы ПД қызметкерлерінің арасында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша XІ спартакиадасына қатысып, ПМ жаттығуында жүлделі І орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Қонаев қаласында 12-14 қыркүйек аралығында ҚР ІІМ спартакиада және “Динамо” ДШСҚ ведомствоаралық спартакиада бағдарламалары аясында жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша жарыс өтті.

Жарыстың әділ өтуін қадағалаған төрешілердің қатарында ҚР ішкі істер органдарының ардагері Бауыржан Успанов болды.

Жарысқа 20 облыстан ҚР ішкі істер министрлігіне қарасты 80 қызметкер қатысып, өз бақтарын сынады.

Батыс Қазақстан облысы ПД ЖҚАЖ полиция қызметкері Құралай Қабырайқызы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің полиция департаменттері қызметкерлерінің арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша XІ спартакиадасына қатысып, ПМ жаттығуында жүлделі І орынды иеленді.

Құралай 25 метрлік қашықтықта ПМ-5 тапаншасынан 8 секунд ішінде 9 оқ атып, жоғары ұпай жинаған.

Айта кету керек, 2022 жылы Құралай дәл осы тапсырма түрінен қатысып, ол кезде де жүлделі І орынды бағындырған болатын.

Бұл ержүрек қыздың алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін де ұйымдастырылған халықаралық және республикалық жарыстарда қола, күміс және алтын жеңіп алған.

БҚО ПД басшылығы мен әріптестері Құралайды жеңісімен құттықтап, қызметіне жетістіктер және спортта әлі де жаңа белестерді бағындыруды тілейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру