Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейнекамералар Петропавлда бутиктегі жасалған ұрлықты ашуға септігін тигізді

Бейнекамералар Петропавлда бутиктегі жасалған ұрлықты ашуға септігін тигізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдың сауда орталықтарының біріндегі бутиктің иесі ұрлық туралы арызбен полицияға жүгінген. Кешкісін 25 сәуірде сатушы ер адамға арналған куртка мен екі джемпердің жоғалғанын байқаған. Келтірілген шығын 55 мың теңгені құрады. Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерді. Күндіз келгендердің арасында екі жігіт тәртіп сақшыларының назарын аудартқан. Екеуі де бұрын полицейлердің назарына іліккен, біреуі мүліктік қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олардың бірі кәмелетке толмаған, екіншісі жуырда 18 жасқа толған болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Қазіргі уақытта ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды, – дейді Бірінші ПБ бастығы Тілеген Әлжанов. – Тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Бұдан бөлек, ювеналдық полиция қызметкерлері жасөспірімнің тарапынан басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін оның отбасын ерекше бақылауға алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру