Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бейнежүйелерді алдау әрекеті бекер!”: полиция жүргізушілерге үндеу жасады

Полиция жүргізушілерге үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ПД жүргізушілердің жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылу үшін қандай қулыққа баратынын айтты. Ең көп таралған қулықтар - бейне жүйелерден мемлекеттік нөмірді жасыру.

“Қауіпсіз жол” іс-шарасы аясында Алматы қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Алматы паркинг” кәсіпорнымен бірлесіп, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін шүберектер, жапсырмалар, картон және басқа да қолда бар құралдармен, оның ішінде ақылы автотұрақ аумағында жасыратын жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Төле би даңғылы бойында жүргізілген бір сағаттық жергілікті іс-шара кезінде 30-дан астам жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды. Олар тез арада тәртіп бұзушылықты түзеді және айыппұл салынды. Осы рейдтен 6 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.

Сондай-ақ полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, бейнежүйелерді алдау әрекеттерінің пайдасыз екенін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру