Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кузин қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Денис Кузин қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнеүндеуде Денис барлық қазақстандықтарға және әріптестеріне сәлем жолдады. Белгілі спортшының Қарасу аудандық полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.

Жарыс жолында жүрген Денис те генерал болуды армандайтын сарбаздар қатарында! Әріптестері оны қолдап, жеңіс тілейді!

– Сәлем, менің атым – Денис Кузин. Мен Бейжің Олимпиадасындамын. Өз сəлемімді барша қазақстандықтарға, қазір өз Отанында қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлеріне арнаймын! Олимпиадаға барлық мықты спортшылар жиналды. Бірақ генерал болуды армандамайтын сарбаз жоқ. Алға Қазақстан!, – деді ол.

Денис Кузин – қазақстандық конькиші. 2010 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2013 жылғы Әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері.

Д. Кузин XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензияны өткен жылдың желтоқсан айында Калгариде (Канада) өткен IV Әлем Кубогында жеңіп алып, 2013 жылы өзінің жеке рекордын жаңартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру