Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Беларусь елінен келген жүргізуші қазақстандық полицейлерге алғыс білдірді

Беларусь елінен келген жүргізуші қазақстандық полицейлерге алғыс білдірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде Беларусь Республикасынан келген жүк көлігінің жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген жазба тарады.

Шетелдік азамат тәртіп сақшыларының сыпайылығы мен кәсіби қарым-қатынасын ерекше атап өткен.

Айтуынша, оны Алматы қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тоқтатқан.

— Біріншіден, өздерін таныстырып, не себепті тоқтатқанын нақты түсіндірді. Екіншіден, менімен тәртіп бұзушы ретінде емес, адам ретінде сөйлесті. Жол, бағыт, өмір туралы жайдарлы әңгіме өрбіді. Ал қоштасар сәтте жақсы тілек айтып, сәтті сапар тіледі. Бәрі сабырлы, сыпайы, өте мәдениетті болды, – деп жазды ол.

Бұл күні кезекшілік атқарған “Буран-184” патрульдік экипажының құрамында полиция аға лейтенанты Мәди Белгібаев, полиция капитаны Серік Тұрғанәлі, патрульдік полиция полкі взводының командирі, аға лейтенант Тимур Мынбаев Тимур болды.

— Жол қозғалысына қатысатын әрбір азамат — біздің назарымызда. Қала тұрғындары да, қонақтар да бірдей құрметке ие. Заңға құрмет және сыпайы қарым-қатынас – патрульдік полиция қызметінің басты қағидаттары. Бұл құндылықтардың шетел азаматтарының тарапынан да мойындалып жатқаны біз үшін үлкен мәртебе, — дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру