Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Беларусь Республикасының азаматы қазақстандық полицейлерге алғысын білдірді

Беларусь Республикасының азаматы қазақстандық полицейлерге алғысын білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Беларусь Республикасының азаматы полицейлерге Volvo жүк көлігінің өртенуі кезінде көрсеткен жедел әрі кәсіби көмектері үшін алғыс білдірді.

Абай облысында жүк көлігінің өртену дерегі тіркеліп, бұл жағдай әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеролик арқылы кеңінен тарады. Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының қызметкерлері дереу жетіп, жағдайды бақылауға алып, шұғыл әрекет етті. Алғашында полицейлер жүк көлігінің ішіндегі заттарды шығарып алу үшін әрекет жасағанымен, өрттің қауіптілігі жоғары болғандықтан бұл мүмкіндік болмады.

Соған қарамастан, полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттері оқиғаны бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Қиын жағдайға тап болған жүк көлігінің жүргізушісі – Беларусь Республикасының азаматы – тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен жан-жақты қолдауын жоғары бағалап, шынайы ризашылығын жеткізді.

Екі сағат бойы жалынмен күрескен: полицейлер жүк көлігінен шыққан өртті сөндіруге көмектесті

Жүргізушінің айтуынша, бұл күн оның өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болған.

- Егер полиция қызметкерлері уақытында жетпегенде, жағдай әлдеқайда күрделі болуы мүмкін еді. Олардың кәсіби әрекеттері мен жылы ықыласы маған үлкен әсер қалдырды. Мен шын жүректен алғысымды білдіремін. Олардың батылдығы мен жедел әрекеті ерекше құрметке лайық. Сонымен қатар, полицейлер қиын жағдайда мені жалғыз қалдырмай, жатын орын мен тамақпен де қамтамасыз етті, – деді жүргізуші.

Абай облысы полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қызметтің басты міндеті екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары төтенше жағдайларда жедел әрі нақты әрекет етіп, әрдайым тұрғындарға көмек көрсетуге дайын.

Полиция департаменті тұрғындарды жолда сақ болуға және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру