Белгілі композитор Ұлттық ұлан сарбазына ән арнады
Белгілі композитор ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбазына ән арнады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Айсұлу Бақытқызы ҚР ІІМ Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде қызмет атқаратын ұлы Әзімхан Абдуләзімге арналған “Аналар аманаты” әнін жазды.
Бұл әннің жарық көруіне ұлының әскери ант қабылдау рәсіміне келген сәт себепші болған. Қолына қару алған ұлының ел қорғау жолындағы қызметі компазитордың жан дүниесін толқытқан.
— Баламның нағыз ер жігіт болып өскенін көрдім. Әскери ант қабылдау рәсімінде аналық сезімім тулап, жүрегім тебіреніп кетті. Үйіме оралғанша осы бір әсерден арылу оңай болған жоқ. Бұл мені шабыттандырды. Осылайша, жаңа ән жарық көрді, — деді Айсұлу Бақытқызы.
Аталған әннің мәтінің ақын Арасанбай Естенов жазса, әнін Айсұлу Бақытқызы жазған. Композитор бұл әнді небәрі 4 минутта шығарғанын атап өтті.