Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгісіз біреулер қорадан ешкілерді айдап кетті

Түркістан облысының полицейлері қорадан ешкі ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, тұрғын үйінің ауласында орналасқан қорасынан екі бас ешкісін белгісіз біреулер
айдап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 000 теңгені құрады. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жан-жақты жедел-іздестіру жұмыстары мен жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктілердің жеке-басы анықталды. Олардың екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты. Біреуі бұрын сотты болған.

Тергеу барысында күдікті таныстар ешкілерді ұрлаған соң, такси жалдап Түркістан қаласына келіп, жеке адамға сатып жібергені анықталды. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мал-мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Ұрлық болған жағдайда, тез арада полицияға хабар беріңіздер деп кеңес береді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру