Бес адам моншада ұсталды
Ақтөбеде карантин бұзған бес ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын алу шараларын жүргізу барысында полицейлер қала моншаларының бірінде облыс орталығының 5 тұрғынын анықтады. Режим бұзған адамдар деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып шықты.
Монша иесіне және бес клиенттке ӘҚБтК-нің 476 бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Мамандандырылған әкімшілік соттың үкімімен монша иесі мен клиенттер әкімшілік жазаға тартылды.