Бес жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ақмолалық әке СҚО-дан табылды
Ақмола полицейлері алимент төлемеушілердің жүрген жерін анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының 33 жастағы тұрғыны баласына үш миллион теңгеден астам қарыз. Ұзақ уақыт бойы, атап айтқанда, 2016 жылдан бастап ер адам оны асырауға қаражат аудармаған және алимент төлемеуші ретінде іздеуде болған. Полиция қызметкерлері оның Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағыннан іздеп, тапты.
Ата-ана міндеттерін орындамау үшін ер адам ресми түрде жұмысқа тұрмайды екен. Өмір сүру үшін кездейсоқ табыс табады, бірақ балаға көмектеспейді.
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ҚК 139-бабы (Балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-аналарды, еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асырауға қаражат төлеуден жалтару) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қозғалды.
2021 жылдың басынан бастап Ақмола облысы бойынша алимент төлемеген 17 адам іздеуде болған, олардың бесеуінің жүрген жерін қазіргі уақытта полиция қызметкерлері анықтағанын айта кеткен жөн.