Бестөбе тұрғынынан құрамында алтын бар 79 келі материал тәркіленді
Бестөбе тұрғынынан құрамында алтын бар 79 келі материал тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу бойынша кезекті шағын цех Степногорск қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 11 қаңтарда Бестөбе кенті тұрғынының шаруашылық құрылыстарынан тапты. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жедел уәкілдер 32 жастағы ер адам заңсыз жабдықты өз бетінше жинап, материалды үйінділерге жинағанын анықтады.
Алғашқы тергеу іс-шараларында полиция шар ұсатқышты, жуғышты, ұсақтауға арналған 10 металл шарды және электр қозғалтқышын тәркіледі. Мұнда жедел уәкілдер жалпы салмағы 79 келі болатын құрамында алтын бар 2 қап тапты.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.