Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бетперделі “батыр”: Ақтөбеде тұрмыстық техника сататын дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Ақтөбеде полиция тұрмыстық техника сататын дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті түнде дүкеннің металл торының шыбықтарын итеріп, пластикалық терезесін қысып ашып, ұрлық жасаған. 37 жастағы күдіктінің олжасы 6 телефон және 1 ноутбук болды. Келтірілген шығын 3 млн тенгеден асты.

Ұрлық жасағаннан кейін күдікті ұрланған заттардың бір бөлігін сатып үлгерген, ал бір бөлігін полиция оның тұрғылықты жерінен тәркіледі. 

 Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру