Бір ай бұрын із-түссіз жоғалған жасөспірім табылды
Алматы облысының полицейлері бір ай бұрын із-түссіз жоғалған жасөспірімді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 тамызда Талдықорған қаласы ПБ Шығыс бөлімшесіне облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны хабырласып, 18 шілде күні 15 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмағанына арызданған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 27 тамыз күні тәртіп сақшылары іздеу жарияланған жасөспірімді тауып, анасына табыстады. Ата-анасының тарапынан сын айтылған соң, оларға өз тәуелсіздігін дәлелдеу мақсатында жас жігіттің үйден кеткені белгілі болды. Талдықорған қаласы полицейлерінің күш-жігерінің арқасында жоғалған баланың мекенжайы анықталды.
Жасөспірімнің анасы ұлын аман-есен тауып берген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты. Жасөспірімнің айтуынша, осы уақыт ішінде ол жалдамалы пәтерлерде және достары мен таныстарының үйінде тұрып, кездейсоқ табыс табумен өмір сүрген. Осыған орай кәмелетке толмаған бала қаңғыбастыққа бейім адам ретінде есепке алынды, ал анасына тиісті ескерту жасау туралы шешім шығарылды.