Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір аптада Ақтөбеде 82 армениялық көлік құралы тіркелді

 Ақтөбе облысында бір апта ішінде Армения Республикасынан әкелінген 82 көлік құралы есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 1 маусымнан бастап Үкімет қаулысына сәйкес елде ҚР азаматтарының атына Қазақстан Республикасы аумағына Армениядан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін кіргізілген, басқару
құрылғысы сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу басталды. Бұл ретте тұрғындар ҚР Салық кодексінің 615, 553-баптарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік баж салығы үшін төлем жасауы қажет.

ҚР Үкіметінің № 306 қаулысына сәйкес Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу есебіне қою кезінде мынадай құжаттар қажет:

* Жеке басын куәландыратын құжат;
* Алым мен баждарды төлеу туралы құжаттар;
– мемлекеттік тіркеу үшін – 695 теңге.
– көлік құралын (КҚ) тіркеу куәлігін беру үшін 3473 теңге.
– мемлекеттік нөмір бергені үшін (МТНБ) – 7779 теңге.
* Армения Республикасында берілген көлікті тіркеу туралы куәлік;
* Армения Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;
* Нотариус куәландырған көлік құралын тіркеу куәлігін (техникалық паспортты) мемлекеттік немесе орыс тіліне міндетті түрде аудару;
* Қазақстан Республикасының аумағына 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақты рульдік басқарылатын көлік құралдары тіркеуге алынады. 

– Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Полиция департаментінде Call-орталығы жұмыс істейді, тұрғындар 525-100 телефоны бойынша қоңырау шалып, көлікті тіркеу бойынша кеңес алуына болады. Сонымен қатар, азаматтардың ыңғайлылығы үшін арнайыХҚКО-да натариус пен аудармашының жұмысы ұйымдастырылды. Тіркеу басталғалы бері 300-ге жуық тұрғын кеңес алды. Бір апта ішінде Армения Республикасынан әкелінген 82 көлік құралы есепке алынды, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Армениядан Ақтөбе облысына үш мыңнан астам көлік, ал аудан орталықтарына 500-ден астам көлік әкелінген. Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары әр көлік иесімен көлікті тіркеу бойынша жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты, Армениядан әкелінген көлік иелерінен автокөліктерін уақытылы тіркеуді сұраймыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру