Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір әулеттен шыққан 25 офицер

Миллионнан астам тұрғыны бар шырайлы Шымкент қаласында Өмірзақовтар дейтін үлкен әулет бар. Бұл ұрпақтан тараған ер азаматтар қарулы қызметті атадан балаға аманаттап, елге адал қызмет етіп келеді. Бүгінде осы әулеттен 25 құқық қорғау органдарының қызметкері шыққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бар ғұмырын ел тыныштығын, халық қауіпсіздігін сақтау жолына арнап, тынымсыз еңбек еткен милиция полковнигі, Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Батырхан Өмірзақов осы династияның бастауы. Ол ІІО-да 1958-1991 жылдар аралығында қызмет атқарған. «Өлеңім, сырым менің, шыным менің», «Тарихқа тағзым», «Өткен күндерден қалған іздер», «Қанағат болған өлшемім» атты жеті бірдей кітаптың авторы.

Бұдан бөлек, Өмірзақ атадан тараған тағы жиырма бес азамат өмірін халқымыздың тыныштығына арнаған, ел үшін аянбай қызмет етіп келеді.

Жауапкершілігі мол қызметті таңдаған үлкен әулеттің азаматтары полиция департаментіне арнайы барып, музейдегі тарихқа көз жүгіртіп, көненің көзіне айналған жәдігерлермен танысып қайтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру