Бір күнде Ақтөбе облысы бойынша 16 қылмыс тіркелді
22-24 желтоқсан аралығында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға 20 волонтер қатысты.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бір күнде облыс бойынша 16 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 11 қылмыс ашылды. Үш - іздеуде жүрген адам ұсталды. Сегіз - бұрын жасалған қылмыс ашылды.Тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру және сақтаудың 34 фактісі анықталды:
- бір факт есірткі заттарын алып жүру;
- бір факт оқ-дәрілерді заңсыз алып жүру;
- суық қару (пышақ) алып жүрудің 32 фактісі.
"Нөлдік төзімділік" тәртібінде 642 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін – 21, ұсақ бұзақылық – 81, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 72, УБжДО – 22 адам орналастырылды, қабылдау-тарату орнына жеті адам қамалды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 320 факті анықталып, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару бойынша - 15, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру бойынша – 62, қарсы жолаққа шығу фактісі – жеті, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермеу бойынша - 61, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзу фактісі -105.