Бір отбасыдағы 3 полиция қызметкері
Жарасымды жанұя Аманхосовтар әулеті – ізгілікті қасиеттерге толы көпке үлгі болып жүрген отбасылардың бірі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жанұяда асқар тау әкесі Махсот Аманхосов пен аяулы анасы Ғалия Мәдениетқызы өмірге үш баланы дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие беріп өсірген. Ата-ананың үмітін ақтап келе жатқан үлкен ұлы Нұрлыбек пен қызы Айдана кішкентайларынан тәртіп сақшысы қызметіне орналасуды армандайтын. Бала армандары орындалған ұлы Нұрлыбек Махсотұлы бүгінде Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бастап, Атырау қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция кіші лейтенанты лауазымын абыройлы атқарып келеді. Адамгершілік пен қажырлықты ,жақсылықты бойына сіңіріп өскен полиция лейтенанты жақында қаладағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласында балаларға арналған құммен ойнау құрылғысын жасап берген болатын.
Ағасының жолын қуған қарындасы Айдана көркем мінезді, Мырзабай Айдана Атырау қаласы Полиция басқармасында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады. Айдана Атырау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Ерсайынұлы Тұрарбекпен отбасын құрады.
– Шаңырақ бақыты мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл мерекенің ерекшелігі осыда. Отбасы – береке- бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя бақытты , мәртебесі биік болса қазақ елінің де абыройы асқақ болар еді, – дейді бақытты отбасының анасы Ғалия Мәдениетқызы.