Бір сәт - бір өмір: жол бейқамдықты кешірмейді
Ішкі істер министрлігі тағы да ескертеді: жолдағы бейқамдық – орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Министрлік ұсынған жаңа әлеуметтік роликте қарапайым сапар қайғылы жағдайға айналуға сәл қалады. Көлік тізгінінде отырған екі ер адам әңгімеге беріліп, жолды кесіп өтпек болған баланы байқамайды. Соңғы сәтте жүргізуші тежегішті басып үлгереді... Осы кезде ол балалық шағын есіне түсіреді. Үйінің жанында бірге ойнап жүрген досы көлік астына түсіп, өмірден озған еді.
2025 жылдың бес айында елімізде 12 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 11 мыңнан астамы жүргізушілердің кесірінен болса, 300-ден астамы жаяу жүргіншілердің кінәсінен.
Бұл ролик - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жасалған үндеу. Жаяу жүргінші өткелдерінде жылдамдықты азайту, рөлде отырғанда назарды басқаға бөлмеу – ортақ қауіпсіздік үшін маңызды.
– Қауіпсіздік өз қолымызда. Бір ғана сәт бәрін шешуі мүмкін, – деп атап өтті ІІМ өкілдері.