Бір тәулікте 200-ден астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды
Алматы облысында жаяу жүргіншілерге айыппұл салынуда: тек бір тәулікте 200-ден астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта патрульдік полиция инспекторларының басты назары жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол жүру ережелерін, аялдамада және көлік тұрағында ҚР ЖҚЕ бұзған және жаяу жүргіншіге басымдылық бермеген көлік құралдарының жүргізушілері мен белгіленбеген орындарда жолдан өтетін жаяу жүргіншілерде.
«Бір тәулік ішіндегі патрульдік полиция жұмысының нәтижесі 217 жаяу жүргіншінің ЖҚЕ бұзғанын және 36 жүргізушінің жаяу жүргіншілерге қозғалыс басымдылығын бермегенін көрсетті. Барлық анықталған фактілер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сонымен қатар, алкогольдік масаң күйде бола тұра, автокөлік құралын басқараған 6 жүргізуші, қоғамдық орындарда мас күйінде бой көрсеткен 51 жүргізуші анықталды. Кезекші тәулікте ЖҚЕ байланысты 1200 – ден астам құқық бұзушылық тіркелді», – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.
Жыл басынан бері 2100-ден астам жолды белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргінші анықталды. Жаяу полиция жасақтары жаяу жүргіншілер арасында алдын алу жұмыстарын жүргізіп, патрульдеу кезінде жаяу жүргіншілерге арналған өткел учаскелері мен жүргіншілердің жол қозғалыс ережелерін сақтауын қадағалауда.
Айта кету керек, Алматы облысының аумағында осы күндері жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
«Біз жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалуы үшін барлық жағдайлар жасалынатынын есте сақтау қажет. Атап айтқанда, белгіленген жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер, жолдар, сондай-ақ бағдаршамның рұқсат ету белгілері»,-деп толықтырды полковник Әшімов.