Бір тәулікте 87 рет режим бұзылды
Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі бір тәулікте 87 рет бұзылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Негізінен тәртіп бұзушылар дәмхана мен дүкен иелері боп келеді. Олар белгіленген мерзімнен кеш жұмыс істейді (22-00 сағат), маскалық режимді сақтамайды немесе салтанатты іс-шаралар өткізеді.
87 фактінің 79-ы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) хаттама толтырылды. 9 адам қамауға алынса, 32 адамға айыппұл салынып, төрт ескерту жасалды. 478-бап бойынша сегіз дерек тіркелді.
Тәртіп бұзушылардың арасында 17 жеке және 70 заңды тұлға қызмет түрлері бойынша – 30 дүкен, 25 кафе, бар, алты монша, төрт букмекерлік кеңсе, бір кемпинг, бір демалыс базасы, бір фитнесс клуб , екі көлікжуу орны анықталды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша Бөгенбай батыр көшесіндегі көлік жуу иесіне 10 АЕК-ке айыппұл салынды, көлік жуу сағат 18-00-ден кейін (жұмыс күні сағат 18-00-ге дейін) жұмыс істеді.
Рысқұлов көшесіндегі кафелер белгіленген уақыттан тыс-сағат 22-00-ден кейін жұмыс істеді. Мекеме иесіне 26500 теңге айыппұл салынды.