Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Алматы қаласының полицейлері  мемлекеттік нөмірі жоқ, жалған нөмірлер тағылған және қозғалтқышының дауысы қатты шығатын көліктерді анықтау бойынша рейдтер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық әкімшілік полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне сәйкес саптық бөліністер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау бойынша жұмысты күшейтті.

– Осы күндері қалада рейдтер өткізілуде. Патрульдік полиция мен мамандандырылған батальонның жеке құрамы жалған нөмірлік белгілермен жүрген, мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ, терезелерін қараңғылаған, сондай-ақ көліктерді заңсыз қайта жабдықтағандарды ұстауға бағдарланды. Сонымен қатар көлік құралдарын алкогольдік мас күйінде басқару фактілеріне ерекше назар аударылуда. Жүргізушілердің арасында жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндер әлі де азаяр емес, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция қызметкерлері тек өткен тәулікте ғана қала жолдарында мас күйінде көлік жүргізген бес жүргізушінің ұсталғандығын, олардың екеуінің осыған дейін көлік басқару құқығынан айырылғанымен, мас күйінде көлік тізгініне қайта  отырғанын атап өтті. Тағы бір жүргізуші жалған нөмірлік белгі қолданғаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар өткен тәулікте автокөлік терезелерін қараңғылаудың 18 фактісі, автокөлік құралдарын құжатсыз жүргізудің 23 фактісі, апаттық жағдай туындатудың 4 фактісі, қарсы жолаққа шығып кетудің 2 фактісі және т.б. құқық бұзушылықтар анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру