Біреудің үйіне ұрлыққа түскен ШҚО тұрғыны құрықталды
Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны біреудің үйінің есігін бұзып кіріп, мүлкін қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының басында Глубокое ауданының полиция бөліміне Белоусовка кентінің 53 жастағы тұрғыны хабарласқан. Ол белгісіз біреудің үйінің есігін бұзып кіріп, «LG» маркалы теледидарын, алтын алқасын, «BOSCH» маркалы дрелін, сондай-ақ үйде болған азық-түлікті ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын 271 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 34 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған адам ұрланған мүлікті ішінара қайтарып берді.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.