Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірлігі жарасқан Балуан Шолақ ауылы

Есенгелді Текебаев - Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Балуан Шолақ ауылында ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Ондағы ақсақалдар ауыл әкіміне кеңес беріп, ел ішінің бірлігін, тәртібін сақтауға атсалысады.

- Заң мен тәртіп әркімнің өзінен басталуы керек. Ісіңнен, өзіңнен бастасаң, жаныңдағы адамдар сенен үлгі алады. Одан өсіп келе жатқан балалар үйренеді, - дейді ол.

Жастарға тәлім беріп, адамгершілік құндылықтарды дәріптеп жүрген ақсақалдардың арқасында ауылда 2022 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Оның қарапайым, бірақ терең мағыналы өмірлік ұстанымы: “Тәрбие болған жерде тәртіп болады, тәртіп болған жерде заң өз орнымен орындалады”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру