Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірлігі жарасқан Көкпекті ауылы

Жетісу облысындағы Көкпекті ауылында 4 жылдан бері ішімдік сатылмайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы Қаратал ауданына қарасты Айтөби ауылдық округінің Көкпекті ауылы – Заң мен тәртіп қағидасын берік ұстанған елді мекендердің бірі. Бұл ауылда дүкен иелері мен тұрғындардың бастамасымен алкоголь және темекі өнімдерін сатуға толық бас тартқан.

Көкпекті – облыс көлемінде ішімдік пен темекіден бас тартқан 8 ауылдың бірі. Ауыл тұрғындары бұл шешімді осыдан 4 жыл бұрын қабылдап, сол уақыттан бері дүкен сөрелерінде зиянды өнімдер сатылмайды.

- Мұндай қадамның оң нәтижесі көп күттірмеді – қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеп, ауылда тәртіп пен тыныштық орнады. Бұл Көкпекті халқының бірлігі мен ортақ жауапкершілігінің үлгілі көрінісі, - дейді ауыл тұрғындары

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру