Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше дүкенге ұрлыққа түскен ер адамдарға қатысты тергеу басталды

Таразда дүкендерден бірқатар ұрлық жасағаны үшін екі қала тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесі бірқатар ұрлық жасаған облыс орталығының 20 және 22 жастағы екі тұрғынын ұстады.

Тергеу іс-әрекеттері барысында қаскүнемдер бірнеше рет бұзып, кіру арқылы жекеменшік дүкендерге кіргені анықталды. Белгісіз себептермен екі ұрлық әрекеттері аяқталмаған, алайда бір сауда дүңгіршегінен жалпы сомасы 769 400 теңге көлемінде темекі ұрлаған.

Барлық дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру