Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел сотталды

Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел үш жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының 44 жастағы тұрғыны сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында өзінің танысынан «қызыңды жұмысқа тұрғызып беремін» деген желеумен 80 000 теңге ақшасын алып, алдап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 44 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Бұдан бөлек, тергеу барысында күдікті азаматшаның бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмысын жасағаны анықталып, қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.

Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп беріп, кешірім сұраған.

Сот үкімімен күдікті азаматша кінәлі дептанылып, оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Қызылорда облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары кепілдік кіріс уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді.  Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру