Бірнеше мекемеге ұрлыққа түскен қарағандылық ұсталды
Бірнеше мекемеге ұрлыққа түскен қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 мамыр күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен белгісіз біреу өндірістік цехтан құрал-жабдықтар ұрлағаны туралы хабарлаған. Мекемеге келтірілген шығын көлемі 145 мың теңгені құраған. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
17 маусым күні арада бір ай уақыт өткенде криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Алдын ала тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның осыған ұқсас тағы да екі қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Күдікті басқада мекмелерден құрал-жабдықтар ұрлап, оны төмен бағаға сатып отырған.
Қазіргі уақытта ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.