Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше рет құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарды түзеу мекемесіне қайтару жұмыстары қолға алынды

Қызылордада бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғандармен алдын алу жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 11 айында түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандармен жасалған қылмыстар +50,0 пайызға (12/18) өсім алды. Осыған байланысты түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментімен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, түзеу мекемесінен босатылған әрбір сотталушыға әлеуметтік көмек көрсетілуін қамтамасыз ету үшін тиісті органдарға ұсыныс енгізіп, олардың сотпен белгіленген уақыттан мекен-жайларынан тыс жерлерге шығып кетпеуін қадағалау мақсатында мекен-жайларынан тексеріліп қайта қылмысқа бармау жөнінде учаскелік полиция инспекторларымен үнемі профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Дегенмен, түзеу мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін түзелу жолына түспей, қоғамдық қауіпсіздікті бұзатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасаған сотталушыларды полиция органдарымен ұсыныс негізінде сот қаулысымен түзеу мекемесіне қайтару жұмыстары қолға алынды.

Мәселен, азамат А. Қ. қалалық сотының 2019 жылғы қаулысына сәйкес, түзеу мекемесінен 2 жыл 11 ай 16 күнге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөліміне профилактикалық есепке алынған.

Оның жүріс тұрысына учаскелік полиция иснпекторымен бақылау жұмыстарын жүргізу кезінде 2020 жылы қоғамдық орында адамның қадір қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей мас күйінде жүргені үшін ұсталып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, 13 мың 255 теңге айыппұл салынған. Дәл осы тектес құқық бұзушылықтар қайталанып, сотпен қойылған шектеулер бұзылған.

Содан кейін Қызылорда қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторының ұсынысы негізінде 2 желтоқсан Қызылорда қалалық сотының қаулысымен осы азаматтың жазасы өтелмеген 2 жыл 11 ай 16 күнге түзеу мекемесіне кері қайтарылды.

Жыл басынан құқық бұзушылыққа бейім алты мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғанды түзеу мекемесіне қайтару жөнінде сотқа ұсыныс жолданып, барлығы қанағаттандырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру