Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше рет велосипед ұрлаған Қарағанды тұрғыны қылмысын мойындады

Қарағанды ​​тұрғыны бірнеше рет велосипед ұрлағанын мойындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қыркүйекте Қарағанды ​​қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстардың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді. Рейдтік іс-шара кезінде полицияны көріп қашып кетпек болған 29 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу кезінде ұсталған адам осыдан бес күн бұрын сауда үйінің алдынан велосипед ұрлағанын мойындады. Полиция велосипедтің иесі – 49 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол келтірілген материалдық шығынды 125 мың теңгеге бағалады. Айғақты зат – велосипед тәркіленді.

ҚР ҚК 188 -бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдікті тағы осыған ұқсас үш қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру