Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше ұрлыққа қатысы бар ақтөбелік қылмыс үстінде ұсталды

Ақтөбеде дүкенге ұрлыққа түскен ер адам қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 ақпанда түнгі сағат 3 шамасында «Күзет» мамандандырылған күзет бөлімшесі акционерлік қоғамының дабыл беру пультіне Ақтөбе қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде күзет дабылы іске қосылғаны туралы ақпарат келіп түсті. «Күзет» МКБ АҚ мобильді тобы дереу оқиға орнына шықты.

Келген кезде күзетшілер сынған терезені көрді, дүкенді қоршап алды, ішке кіріп, ұрыны ұстады.

Ол бұрын ұрлық үшін бірнеше рет сотталған Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Түнде ол терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, жалпы сомасы 250 мың теңге болатын темекі, алкогольді ішімдіктер, азық-түлік және дүкен иесінің ұялы телефондарын қолды қылмақ болған.

Қаскүнем қылмыс үстінде ұсталып, полицейлерге тапсырылды.

Аталған факті бойынша 188-баптың 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында күдікті тағы екі пәтер ұрлығын жасағандығын мойындады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бері күзет мекемелерінің көмегімен бес қылмыс ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру