Биыл Абай облысында 108 шетелдік азамат Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды
Биыл Абай облысында 108 шетелдік азамат Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметі басқармасына Ресей Федерациясының 47 жастағы азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұру туралы өтінішпен жүгінді. Өйткені Абай облысының аумағында күтімді қажет ететін егде жастағы анасы тұрады екен.
Көші-қон қызметі тарапынан заң шеңберінде өтініш берушінің барлық дәлелі мен себебі зерделеніп, қысқа мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазіргі уақытта Ресей азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алды.
Абай облысының көші-қон қызметі басқармасы жыл басынан бері 108 шетелдікке Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құжат дайындады.