Биыл Абай облысында 62 мыңнан астам азамат құжат алды
Биыл Абай облысында 62 мыңнан астам азаматқа құжат берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон қызметі Қазақстан азаматтарына қажетті құжаттарды уақтылы және қолжетімді түрде рәсімдеуге ерекше мән береді. Бұл құжаттар — жеке тұлғаны куәландыратын және мемлекеттік органдармен заңды өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін маңызды құрал.
Қазақстан Республикасының "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" және "Азаматтық туралы" заңдарына сәйкес, әрбір азамат өзімен бірге жарамды жеке куәлікті алып жүруге міндетті. Бұл талап азаматтың құқықтық мәртебесін растауға, оның құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Биыл Абай облысындағы 15 Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 62 338 азаматқа құжаттар берілген. Оның ішінде 42 743 адамға жеке куәлік, 19 595 адамға паспорт берілді.
Айта кету керек, жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе мерзімі өткен құжатпен жүру — жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.