Биыл Алматы облысының полициясы 200 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады
Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері екі жүз мыңға жуық түрлі құқық бұзушылықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері аймақ полицейлері 191 224 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде жол қауіпсіздігі желісі бойынша – 116 811, қоғамдық қауіпсіздік желісі бойынша – 67 562. Сонымен қатар тәртіп сақшылары елдімекендерді абаттандыруға ерекше көңіл бөледі. Қоғамдық орындарын ластағаны үшін 3 235 құқық бұзушы жауапқа тартылды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 80 пайызға артық. Сондай-ақ абаттандыру ережелерінің 14 515 бұзушылығы анықталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің төрттен бір бөлігінен артық.
– Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі – құқық бұзушылықтардың алдын алу. Атап айтқанда, азаматтармен тығыз байланыс орнату. Бүгінде полицияда халықпен кері байланыс арналары жұмыс істейді. Барлық учаскелік полиция инспекторы өз аумағындағы жалпы үй чаттарына қосылған. Халықпен тығыз қарым-қатынаста ғана біз жұмыста және құқық бұзушылықтың тиімді алдын алуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе аламыз, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары азаматтардан ҚР заңнамасын бұзбауды, жол қозғалысы мен жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбауды және қоршаған ортаға құрметпен қарауды сұрайды.