Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Алматы облысының полициясы халыққа 50 мыңнан астам қызмет көрсетті

Биыл Алматы облысының полициясы халыққа 50 мыңнан астам қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыстық әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері халыққа 52 921 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары.

Халық арасында кең тараған және сұранысқа ие қызмет көрсету түрі көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізу. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін беру бағыты кең тараған. Жалпы алғанда, әкімшілік полицияның үлесіне мемлекеттік қызметтің көрсетудің 11 түрі келеді. Бұл жұмыс саласы толығымен электронды форматқа көшірілген. Бүгінде азаматтар қажетті операциялардың негізгі бөлігін үйден шықпай-ақ жасай алады.

Департамент басшылығы мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсетуді басты назарға алған. Электронды формат процесті жылдамдатады, оның тиімділігін арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Әкімшілік полиция қызметкерлері әрбір азаматқа жеке көзқарасты қамтамасыз етіп, қолданыстағы заңнама нормаларын, қабылданған шешімдерді және тиісті тәртіпте шағымдану құқығын нақты түсіндіреді.

– Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ішкі және сыртқы (мүдделі органдардың) бақылауында, – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркебұлан Ахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру