Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Алматыда бейнежүйелердің көмегімен 1700-ден астам қылмыстың беті ашылды

Алматыда бейнежүйелердің көмегімен қалада 1700-ден астам қылмыс ашылды, 2,6 миллионнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша қаладағы бейнебақылау жүйесін қолданудың тиімділігін қорытындылай келе, осындай деректерді келтіріп отыр.  

Бүгінгі таңда Алматыда қалалық бейнебақылау жүйесін нақты уақыт режимінде басқаруға, болып жатқан оқиғаларға жедел жауап беруге, сондай-ақ адамды тану функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін бірыңғай бейнебақылау платформасы жұмыс істейді.

Жалпы алғанда, жүйе жол қозғалысын басқарады және қауіпсіздік бейнеаналитикасының функцияларын орындайды.

Көрсетілген бейнебақылау платформасына 45976 бейнебақылау камерасы орнатылды. 

ПД-ның айтуынша, бейнебақылау жүйесі, тұтастай алғанда, қылмыскерлердің ұсталу қаупі туралы түсінігін арттыру арқылы қылмыс деңгейін төмендетеді. Бейнебақылау камераларынан алынған ақпарат қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу үшін пайдаланылады.

– Жүйенің енгізілуімен қаладағы қылмыстық ахуал жақсарды. Бейнебақылау жүйесі қаланы қауіпсіз әрі азаматтардың тұруына қолайлы етеді, – деді, Алматы полицейлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру