Биыл Алматыда көлік терезелерін қараңғылаған 10 мыңнан астам азамат анықталды
Алматыда 10 мыңнан астам көліктің терезелерінен қараңғылайтын жапсырмалар шешілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы жергілікті полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері көлік терезелерін қараңғылаған 10844 жүргізуші ұсталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 590-бабы 5-тармағына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.
– «Жол-қателікті кешірмейді» деген аксиома жол жүру ережелерін елемейтін жүргізушілерге тікелей қатысты. Заң талаптарына бағынбай, жол жүру ережелерінің сақталмауы қайғылы жағдайларға алып келетіні анық. Осы орайда полиция қызметкерлері үнемі арнайы іс-шаралар мен рейдтік шаралар өткізіп отырады. Жол жүру ережелерін өрескел бұзатын және көлік терезелерін қараңғылауға құштар жүргізушілер ерекше назарда. Мұндай жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылады, – деді Алматы қаласы жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.