Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Ақтөбе облысында 100-ге жуық велосипед ұрлығы тіркелді

Биыл Ақтөбе облысында 100-ге жуық велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында биылдың өзінде 100-ге жуық велосипед ұрлығы тіркелді. Велосипедтер қайта сату мақсатында немесе бұзақылық ниетпен ұрланады. Мысалы, қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі спорттық велосипед ұрланғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар баспалдақ алаңында қалдырған, құны 85 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап әкеткен. Учаскелік полиция инспекторлары қылмыс орнына бірден келіп, қылмыскерлерді жедел іздеуге кірісті.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстады. Ол 18 жастағы ақтөбелік болып шықты. Күдікті жасаған қылмысын толық мойындады. Тәртіп сақшылары ұрланған велосипедті тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру