Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Екібастұзда 4,4 мыңнан астам мас тұрғын анықталды

Биыл Екібастұзда 4,4 мыңнан астам мас тұрғын анықталып, ішкілікке салынған 42 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын Екібастұз полициясына азаматтардан мас тұрғындар туралы арыз түседі. Ішімдік ішетіндер алкоголь оларды қылмысқа итермелейтінін және өздері де қылмыстың құрбаны болуы мүмкін екенін ескермейді.

– Патрульдеу барысында полицейлер қоғамдық орындарда, үйлердің кіреберістерінде, аялдамаларда ұйықтайтын азаматтарды анықтайды. Барлық жағдайларда мас адамдарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткіземіз, ал қоғамдық орында мас күйінде пайда болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Шанкотов.

Тек осы жылдың өзінде 4400-ден астам мас азамат арнайы орталыққа жеткізілді, оның ішінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 64 адам Павлодардағы қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Ішкіліктен мәжбүрлеп емдеуге 42 адам жіберілді.

Екібастұз қаласының полиция басқармасы көшелерде және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде пайда болуы 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады. Тәртіп сақшылары мас тұрғындар туралы дереу 102 телефоны арқылы немесе “Police 102” мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру